#qyzylordatv
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде экологиялық сауатты арттыруға арналған танымдық сағат өтті. Шараға облыстық экология департаментінің мамандары мен білім алушылар қатысты.
Бүгінде қалдықтарды сұрыптау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері өзекті. Осы орайда пластик, қағаз және шыны қалдықтары дер кезінде сұрыпталса, оларды қайта өңдеуге болар еді дейді экологтар. Бұл полигондардағы зиянды газдардың бөлінуін едәуір азайтады. Демек, әрбір тұрғынның қоқысты сұрыптап тастауы — тек тазалық қана емес, біз тыныс алып отырған ауаның сапасын сақтауға қосылған үлкен үлес. Жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының да басты мақсаты.
САЯ НҰРЛЫБАЕВА, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Қорқыт Ата атындағы университет студенттері мен экологиялық сағат өткізілді. Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Студенттерге ауа , су және топырақтардың ластану себептері мен оның салдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қалдықтарды сұраптау, ағаш отырғызу және экологиялық жауапкершілікті арттырудың маңызы атап өтілді/
СВЕТЛАНА ҚОЖАМБЕРДИЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Кездесу барысында студенттерге қоршаған ортаға адамзаттың тигізіп жатқан зияны туралы айтылды. Талдамалы зерттеу бөлімінің қызметі мен толық таныстырылып өтті студенттерді. Біздің экоlive клубымыздың жоспарында бірлескен жоспар бар. Осы жылға жасалған іс-шаралардың ішіндегі айта өтетінім ол таза қала таза ауа. Яғни автокөліктерден шығатын зиянды түтіндердің анықтамаларын құрал-жабдықтармен анықтауға студенттермен бірлесіп,зертханалық талдамалық бөлімінің бас амамандары шықты.