#qyzylordatv

Түрлі салада белсенді еңбек етіп жүрген креативті индустрия өкілдері мен жастар «CREATIVE IQ: Креаторлар додасы» атты интеллектуалды сайысында бас қосты.

Креаторлар додасына кәсіпкерлермен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде IT сала бойынша білім алып жатқан студенттер мен креативті индустрия өкілдерінен жасақталған 5 команда қатысты.

 МЕРЕКЕ ЖАЛҒАС – АНАҒА ТАҒЗЫМ ОРТАЛЫҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сайыс жасанды интеллект аясында өтіп жатыр. Жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жасанды интеллект жыл аясында креаторлардың деңгейін анықтау. Алдағы уақытта осындай шараларды кең ауқымда ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Ұтқыр ойлы жастар алғашқы кезеңде ұлттық салт-дәстүрге қатысты сауалдарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Ал, екінші кезеңде қатысушылар тарихи танымдарын дәлелдесе, қорытынды кезеңде IT саласына қатысты логикалық сұрақтарға жауап іздеді.

 Білім додасында қосымша көмекке жүгінуге, электронды гаджеттерді пайдалануға қатаң тыйым салынды. Нәтижесінде, «Creative Queens» командасы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болса, екінші орынға «Эврика» командасы лайық деп танылды. Үздік үштікті «Creative Zhastar» командасы түйіндеді.

 Білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды даралайтын жобада үздік шыққандарға қаржылай сыйлықтар табысталды.