#qyzylordatv
Қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында күре жолдарда жол белгілері жаңаланып, инфрақұрылымдық нысандар тазартылуда. Көктемгі қарекетті көзбен көріп қайтқан тілші толықтырсын
Қызылорданың желі қағып, күні күйдірген жол белгілері жаңасына ауыстырылып жатыр. Одан бөлек, инфрақұрылымдық нысанның бәрі жуылып, тазаланып, көктемгі күтіп ұстау жұмыстары қарқын алуда. Мұның бәрі қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар.
Жасыратын несі бар, кейде жол белгілері ұрланып, тіпті десеңіз, біреулер оны қазанға қақпақ еткенін де көргенбіз. Мұндай әрекет жүргізушілер үшін қауіпті, жол белгісінің болмауы көлік апатына әкелуі әбден мүмкін.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қызылорданың үстімен өтетін көлік өте көп. Аялдайтын автобустар, фуралар, жеңіл көліктер бар. Бекеттер мен ондағы санитарлық тораптар әлсін-әлсін тазаланып, қоқыс шығарылып, мұнтаздай тазалық қамтамасыз етілуде, - дейді құзырлы сала өкілі
Әлеуметтік желі бетінде де теміржол мен облысаралық, халықаралық күре жол бойынан өткен өзге өңірдің азаматтары Қызылорданың тазалығына сүйсініп, үлгі етіп жазып жатыр. Міне, сол тазалықтың бәрі осындай үздіксіз жұмыстың нәтижесі.