#qyzylordatv
Бюджеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып жатыр ма? Аймақта бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардағы құрылыстың сапасы қандай? Облыстық мәслихат депутаттары осындай миссиямен көшпелі тексерістер жасады.
Сол жағалау қазір керемет дамып жатыр. Еңселі үйлер, енапат әлеуметтік нысандар, логистика дамып, жаңа автовокзал, спорт нысандары бой көтерді, дәл қазір 300 төсектік көпбейінді аурухана салынып жатыр. Қаланың шет аймағы да шеткері қалып жатқан жоқ. Мұнда халық көптен күткен №5 емхана бой көтеруде.
Мұндай көшпелі тексерістерде депутаттар жасалып жатқан жұмыстың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін өз көзімен көріп қана қоймай, құрылыс барысындағы сапасыз жұмыс үшін мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін қатаңдатуды, тіпті десеңіз, сапасыз салынған нысанды қабылдап алмау мәселесін де көтереді.
Түптеп келгенде, осындай қоғамдық мониторинг бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс сапасын қадағалауда маңызды роль атқаратыны анық.