#qyzylordatv
Қызылордада «Зорро» есімді қызметтік ит жоғалып кеткен 2-ші сынып оқушысын тапты. Ал жыл басынан бері иісшіл иттердің көмегімен облыста 83 қылмыс ашылған. Тілшіміз Меруерт Әбсадықова кинологтар мен олардың сенімді серігі туралы әңгімелейді.
МЕРУЕРТ ӘБСАДЫҚОВА, ТІЛШІ
Технология қанша дамыса да , «ізкесушілердің» орнын ештеңе баса алмайды. Жыл басынан бері кинологиялық қызметтің көмегімен 83 қылмыс ашылды. Бұл -83 рет заң бұзушының жолы кесілді деген сөз. Қазіргі таңда мұнда 19 қызметтік ит бар. Олар үшін есірткі іздеу немесе қашқынды ұстау-күнделікті міндет
НҰРБОЛАТ ЕРБОЛАТҰЛЫ, ОПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ
Кинология саласында жалпы 19 қызметтік іздестіру иті бар. Оның 6 аудандарда, бізде 13 бар.Әртүрлі салалар бойынша үйретілген. Мысалы, жарылғыш, есірткі заттарын іздеу, із кесу саласы және тағы да басқа,
Орталықтағы әр иттің өз жетістігі, өзіне бекітілген тәлімгері бар. Мәселен, инспектор-кинолог Мақсат Есенбайдың сенімді серігі - «Зорро». Арнайы даярлық курсынан өткен ит бүгінде жоғалған адамдарды табуда таптырмас көмекшіге айналған.
МАҚСАТ ЕСЕНБАЙ, ОПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ
Белгілі бір аумаққа аяқ ізі түседі. Сол аяқ ізін иіскету арқылы қызметтік ит бағыт бағдар белгі көрсетеді 2-3 ай шамасы бұрын Арай мөлтек ауданында мектеп шығып үйіне оралмаған жасөспірім 2 сынып оқитын қыз үйіне оралмаған деген хабарлама түсті маған. Оқиға орнына жедел жетіп, мектеп ауласынан қыздың аты жөнін суретін бағыт бағдарын алып қызметтік итпен жұмыс жасадық . Іздеу барысында сол аумақтағы жақын орналасқан үйлерің ішінен өзінің сыныптас құрбысымен алаңсыз ойнап жүрген қызға апарып тоқтады . Сол қыз екені анықталып, анасына аман-есен тапсырылды.
МЕРУЕРТ ӘБСАДЫҚОВА, ТІЛШІ
Міне, дәл осы жаттығу алаңында иісшіл иттер күн сайын шыңдалады. Әрқайсысының өз қабілеті бар: бірі иіс арқылы дәл табады, бірі із кесуде мүлт кетпейді, енді бірі қауіпті заттарды анықтауға бейім
Мұндай кәсіби деңгейге жету үшін жылдар бойы тынымсыз жаттығу қажет. Мамандардың айтуынша, қызметтік иттер 10 жылға дейін ел игілігі үшін еңбек етеді. Ал зейнетке шыққан соң, көбіне оларды баптаған кинологтардың өздері қамқорлығына алады. Өйткені, ондаған жыл бірге жүріп, талай қылмыстың ізін бірге кескен маман мен оның серігі арасында шынайы достық орнайды екен.
МАҚСАТ ЕСЕНБАЙ, ОПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ
Зорроның екеумізге бір-бірімзге деген достығымызды айтуға болады. Зорро негізінен менен басқа қызметкерлермен анау айтқандай жұмыс істемейді, адам таңдайды. Мен егер еңбек демалысына кететін болсам, қызметтік ит ішігіп мені сағынып «Балалар айтады итің сені сағынып, мазасы болмай жүр»-деп. Мысалы, 40 -35 күндік еңбек демалыстарында кемінде аптасына 1рет, болмаса 2 рет келіп кетуге тырысамын
Тәртіп пен түйсік тоғысқан бұл орталықта қызмет бір сәтке де толастамайды. Себебі қаланың тыныштығы осы қырағы сақшылар мен олардың айнымас серіктерінің қолында.