#qyzylordatv
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды. Биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – грант санының артуы. Биыл магистратураға 200, ал докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 грантқа артық.
Құжаттар 1 сәуір мен 1 маусым аралығында қабылданады. Биыл білім беру бағдарламаларының саны 14-ке дейін артты. Жаңадан «Іскерлік әкімшілендіру» және «Цифрлық мемлекеттік басқару» бағыттары қосылды. Конкурстық іріктеу 19 маусымға дейін жалғасып, нәтижелері шілде айында жарияланады.
АҚЗАДА МАДАЛИЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп үлгеру керек. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады. + Сондай-ақ үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады. Жаңа оқу жылына құжаттар 12 емес, 14 білім бағдарламасы бойынша қабылданады.
ГҮЛСАРА НҰРОВА, АҒА ОҚЫТУШЫ
Жалпы академияда оқудың артықшылықтарына тоқталатын болсам. Мемлекеттік заңның 15 бабы 5 тармағына сөйкес Б корпусының әкімшілік лауазымдарына оқу аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде орналасу мүмкіндігіне ие болады. Академияда оқыту үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқыту үшін Шетелдік және Қазақстандық сарапшылар мемлекеттік басқару және дипломатиялық қызмет саласындағы практиктік мамандар дәріс береді.