#qyzylordatv

 Еліміздің Бас прокуратурасы балалардың терезеден құлап кету жағдайларына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады. Енді пәтердің терезесін ашық қалдырып, бүлдіршіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ана айыппұл арқалайды немесе тіпті 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Тілшіміз Елдос Асан дәл қазір көпқабатты үйлердің жанынан тікелей эфирге қосылды. Елдос, қайырлы күн, қаламызда бұл мәселе бойынша ахуал қалай екен?