#qyzylordatv
Телекөрермендерден толассыз ағылған лебіздер легі жалғасуда. «Қызылорда» телеарнасының төл жобалары көршілес қарақалпақ жұртына да жақсы таныс. Қарақалпақстан телерадиокомпаниясының тілшісі, Халықаралық Аралды құтқару қоры Нүкіс филиалының өкілі Рысгүл Шарапова «Жаңалықтарды» жиі көретінін айтады. «Соның арқасында Арал аймағындағы ақпаратпен етене таныспыз» дейді.
РЫСГҮЛ ШАРАПОВА – ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫНЫҢ ТІЛШІСІ
Қызылорда телеарнасы биылғы жылы өзінің 35 жылдық юбилейін белгілеп жатырған екен. Бұл мерекемен кәсіптестерімізді, телекомпания жамағатын құттықтаймыз. Әлбетте бүгінгі күні Қызылорда телеарнасы Қарақалпақстанда телетамаша өнімдерді таратып жатыр. Көптеген хабар, информациялық, аналитикалық һәм публицистикалық көрсетулерін біздер тұрақты түрде бақылап отырамыз. Әсіресе соңғы жылдары хабарлар арқылы Арал аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар экологиялық жобалар туралы жарытып беруде. Мерекелеріңіз құтты болсын! Телеөнімдер елдің кеуілінен шығатындай жақсы бағдарламалар мен хабарларды жеткеруде жамағатыңызға табыстар тілейміз!