#qyzylordatv
Талай жас дарынның шамын жаққан «Superstar kz» қайта жаңғырып, жаңа таланттарды іздеуде. Осыдан 23 жыл бұрын эфирге шыққан жоба көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді. Жаңа маусым - дәл бұрынғыдай өнерлі жастар үшін үлкен сахнаға жол ашуға бағытталған.
Музыкалық жобаға іріктеу Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Семей және Павлодар өңірлерінде өтті. Әлі де жалғасатын кастингтерде күміс көмей жаңа есімдер анықталмақ. Шоуға өнерге құштар 16 мен 25 жас аралағындағы азаматтар қатысып, бақ сынай алады. Сондай-ақ, @superstаr.kz Телеграм-каналы арқылы онлайн түрде өтініш бере аласыз. Ал өңірімізде іріктеу 20 сәуір күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді. Супер жұлдыз атануға үміткер жандарға сәттілік тілейміз!