#qyzylordatv

Сыр өңірінде еріктілер қозғалысы жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде аймақта 1000-нан астам волонтер мен 30-ға жуық бастамашыл топ белсенді қызмет етіп келеді. 2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылы деп жариялануына орай облыста ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді.

 Бөлінген қаржы халықаралық және республикалық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға жұмсалмақ. Жыл басынан бері өңірлік волонтерлер фронт-офисі 20-дан астам іс-шара өткізіп үлгерді. Еріктілер қызметі «Bilim», «Asylmura», «TazaÁlem» сияқты сегіз негізгі бағыт бойынша жүйеленген. Қазіргі таңда салалық волонтерлікті дамыту үшін арнайы әдістемелік нұсқаулықтар дайын. Мамандар аймақтарды аралап, еріктілерді оқыту мен жаңа жүйені қалыптастыру жұмыстарын бастап кетті.

УӘЛИХАН ИБРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 Мемлекет Басшысының бастамасымен 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясымен «Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы» деп жарияланды. Жыл басынан бері Қызылорда облысының волонтерлар фронт-офисы 20-дан аса шара өткізіп, 600-ден астам волонтерлер тартылды. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шараны атқаруға 10 млн. теңге қаралды.

 АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ

  Биылғы жылдың тағы да бір ерекшелігі-елімізде салалық волонтерлықты дамытудағы арнайы әдістемелік оқулықтары бекітілді. Яғни осы әдістемелік нұсқаулық бойынша республиканың барлық өңірлерін аралап жүрміз. Мұндағы бірінші мақсатымыз нұсқаулықты жергілікті атқарушы әріптестермен талқылап, алдағы уақытта әр сала бойынша жұмыс жасау.