#qyzylordatv

Аралда мақта өседі десе, біреу сенер, біреу сенбес. Бірақ теңізді өлкенің тұрғыны Қази Нұрымбетов ауласында мақта өсіріп, жеміс пен бақша дақылдарының бірнеше түрін баптап келеді.

 Қази Нұрымбетовтің ауласына көшеден өткендер еріксіз көз тоқтатып қарайды. 81 жастағы қария есік алдын жасыл баққа айналдырып отыр. Жиырма жыл бұрын ата қонысына оралған ол Аралда жеміс-жидек пен дақылдың түр-түрін шығаруға болатынын дәлелдеп келеді.

ҚАЗИ НҰРЫМБЕТОВ – АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мынаның бәрі қолдан сүйектен өсірген. Базардан сатып алған жоқпын. Өрік, слива, жүзім, мына жерде қалғаныныа сәбіз, картоп, қияр соны егеміз

Қазір қарияның ауласында жемістің 7-8 түрі жайқалып тұр. Жұбайы екеуі көктемгі күтімін жасауды ұмытпайды. Енді бақша дақылдарының бабын жасауға көшпек. Ең қызығы Қази ақсақал ауласына мақтаны да жерсіндірген.

ҚАЗИ НҰРЫМБЕТОВ - АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мақта егемін көрнекілік үшін. Әдемілік үшін. Аралға да мақта шығады екен ғой деп жатады. Шиегүлдеп көгеріп тұр. Амандық болса жеміс береді. Қайнатамыз, варенье қыламыз. Онан соң жүзім піседі. Бұйырғанын жейді балалар

 Осылайша тұзды топырақтың күтімін келістірген еңбек адамы базардың емес, маңдай терінің жемісін жеп отыр. Бағбанның бұл ісі көпке үлгі.