Түнгі ойын-сауық орындары полицейлердің ерекше назарында. Себебі беймезгіл уақытта кәмелетке толмаған балалардың тентіреп жүруі жиілеген. Олардың қауіпсіздігін ойлаған құзырлы органдар рейдке шықты.

Полицейлер саябақтар мен аулаларды, ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтар мен жасөспірімдер жүреді-ау деген басқа да жерлерді тексерді.

 ИБНМАХСУТ РАХМЕТОВ, ТІЛШІ

Біз дәл қазір рейд барысында компьютерлік ойын клубтарының біріне келдік. Алдымен нысан иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ішіндегі балалардың саны анықталуда. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жеке куәліктерін тексеріп, 18 жасқа толған-толмағанын анықтап жатыр. Жыл басынан бері түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 96 жасөспірім анықталып, біршама әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынған.

МАҒЖАН НИЯЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұл шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесі. Облыстағы жасөпірімдердің құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған шаралар. Бұл шараның ерекшелігі - әкелер пул яғни ата-аналарда бұл шараға қатысып жатыр.Бұл шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде жүргізіліп тұрады деп есептейміз.

 Жалпы, Балалардың түнде жүрмеуіне, олардың тәртібіне ата-ана да жауапты. Ал түнгі рейдтер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады