#qyzylordatv

Отан алдындағы борышын апат аймағында өткізген азаматтар өздерінің жеке тектік құжаттарын архив қорына өткізді. Естеріңізге салайық, биыл Чернобыль атом электр станциясында болған апатқа – 40 жыл толды.

Тарихты парақтасақ, 1986 жылдың 26 сәуірі күні Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогы жарылды. Мамандар бұл алапат апаттың зияны Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан 300 есеге көп екенін айтады. Қауіпті аймақтағы жарылыстың салдарын жоюға Сыр өңірінен 880 азамат қатысқан. Солардың бірі - Жұмабек Шахатов. Қызылордалық 79 жігітті бастап барған командир бес айы бойы «көрінбейтін жаумен арпалыстық» дейді. Яғни, жарылыстан зардап шеккен аумақты тазартып, радиацияны жою жұмыстарымен айналысқан.

ЖҰМАБЕК ШАХАТОВ - ҚАЛАЛЫҚ «ЧЕРНОБЫЛЬ» АРДАГЕРЛЕР ҚБ ТӨРАҒАСЫ

1986 жылдан 89 жылға дейін апатқа қатысты біздің жігіттер. Мен 89 жылы бардым. ..

 Апат аймағында болып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысқан сегіз жүзден астам азаматтың қазір екі жүзге жуығы ғана арамызда жүр. Олар радиация зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. «Чернобыль: Ерлік пен тағдыр» тақырыбында өткен шара барысында жігерлі жігіттердің есімін тарихта қалдырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында естелік суреттер мен жеке тектік құжаттар, «Сыр сарбаздарының естелігі» атты кітап архив қорына табысталды.

 ЖАНАТ ӘБЗАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ БАСШЫСЫ Мақсатымыз архив қорына сол кісілердің жеке тектерін алу...

 Жиында Чернобыль апаты туралы деректі фильм көрсетілді. Ал, зұлмат кезеңнің куәсі болған ардагерлер өткенге шегініс жасап, апат аймағында атқарған жұмыстары туралы естеліктермен бөлісті.