Өзбекстанның Науаи облысында Әйтеке бидің 380 жылдығы тойланып жатыр. Үш күндік іс-шара аясында кеше қазақстандық делегацияны Науаи облысының әкімі Нормат Турсунов қабылдады. Өз сөзінде әкім Әйтеке бидің тарихтағы орнына баға беріп, Қызылорда мен Науаи арасындағы қарым-қатынастың нығайып отырғанын айтты.

НОРМАТ ТУРСУНОВ - НАУАИ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

(Аударма) Бүгін біз қазақ мемлекетінің көрнекті қайраткері Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз. Ол қазақ халқының бірігуіне зор үлес қосқан адам. Әйтеке бидің ұрпақтары бүгінде Қазақстанда ғана емес, Өзбекстанның Науаи облысы, Тамды, Нұрата, Канимех аудандарында өмір сүріп жатыр.

Сонымен бірге Науаиде Қызылорда облысы филармониясының өнерпаздары концерт берді. Бүгін қазақ, өзбек және қырғыз ақындары айтыс өткізеді.