Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне – 90 жыл толды. Мерейтой құрметіне басылымда еселі еңбек етіп, өз қолтаңбасын қалдырған сала ардагерлері мен бірқатар журналист марапатталды.

«Жалағаш жаршысы» алғашында «Колхозшы» деген атаумен 1934 жылы оқырманға жол тартқан. Аудан құрылғаннан кейін газеттің аты «Күрішшілер» деген атпен 1958 жылдың тамыз айына дейін жарық көрді. Сол жылдан бастап аудандық газетке «Коммунизм үшін» деген жаңа атау берілген. Бұдан кейін «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» сынды атаулармен де оқырманмен қауышты. Ал 1993 жылдан бері «Жалағаш жаршысы» болып жарыққа шығуда.

АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ /Әр жылдары еңбек еткен журналимстер қауымы елдің қуанышы мен мұң-мұқтажын қаламдарына арқау етіп, ал баспаханада әріп терген қызметкерлердің еңбегі зор. Газет бетінде аудан көлемінде болып жатқан жаңалықтар мен мерекелік шараларды, өңірдің тыныс-тіршіліін үздіксіз жариялап келеді. Газеттің тілшілері де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Елдің татулығы мен тұрақталығын өрістетіп, өрлететін журналистер қауымы қашанда құметке лайық........./

Салтанатты іс-шарада марапат төрінен көрінгендердің бірі – Серік Бертаев. Газетте 40 жыл жыл табан аудармай еңбек етіп, тілшіліктен бас редакторлық қызметке дейін көтерілген. Жетпістің желкенін керген журналист басылымның әр санының сәтті шығуына атсалысып, мазмұнды мақалалар мен талай салмақты сұхбаттардың жарық көруіне мұрындық болған.

СЕРІК БЕРТАЕВ – АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ /Биыл ауданымызда үлкен қос мереке. Ауданымыздың құрылғанына – 85 жыл, «Жаңалық жаршысының» шығарылғанына – 90 жыл. Бұл газет осы 90 жыл ішінде өзінің орнын ойып тұрып алатын басылымдар қатарына енді деп ойлаймын. Президенттің, облыс, аудан әкімдерінің саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жаты. Газеттің тойы, халықтың тойы, осы орайда бүкіл әріптестерімді, аудан халқын мерейтоймен құттықтаймын. Мен осы газетте 40 жыл жұмыс істедім. Алғашында тілші болып келмеи, кейіннен редактор, жауапты хатшы, бас редактор одан кейін аудан әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне дейін өстім. Сондықтан бұл басылымның мен үшін орны ерекше./

Мерекелік шара жазба ақындар мүшәйрасымен жалғасты. Мүшәйрада ауданнан шыққан ақындар сынға түсіп, жүрекжарды өлең шумақтарын оқыды.

 «Жалағаш жаршысы» ауданның тыныс-тіршілігінен айшықты ақпар беріп, түрлі саладағы жаңалықтарды жариялауда өз миссиясынан танбай келеді. Әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері оқырманға жол тартатын газет тиражы бүгінде үш мыңға жуықтаған. Оған қоса жедел ақпарат тарататын электронды сайт та жұмыс істеп тұр.