Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биыл жыл соңына дейін 2000-нан аса отбасы қоныс тойын тойлайды.

Соның ішінде, осал топтағы азаматтарға 1034 пәтер, көпбалалы жанұяларға 80, ал апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің орнына 135 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек несиелік бағдарламалар үшін 504 пәтер дайындалуда. Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сол жағалаудан 470 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, енді айналасы абаттандырылып жатыр. Бұдан бөлек, жеті қабатты тағы 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

ЖЕҢІСБЕК ФАЙЗУЛЛАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 «қазір тұрғын үй кезегімен берілетін осал топтағы азаматтарға 1034 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін мына жоспардағы 1034 пәтер толық тұрғындарға берілетін болады. Бұл үйлер кезекте тұрған осал топтағы адамдарға беріледі. Сонымен қатар апаттық деп танылған үйлерден, қазір біз Титов мөлтек ауданында 135 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Біздің жалпы жоспарымыз жылдың соңына дейін осы үйді толық аяқтап, мына апаттық үйде кезекте тұрған адамдарға пайдалануға беру. Ал мына 84 пәтерлі 7 қабатты үйдің құрылысын жобалық сметалық құжаттарын әзірпдеп, жатырмыз, конкурстан өтсек, құрылыс жұмыстарын биыл бастайтын боламыз».