Егінжайдан ақпар. Облыс бойынша егілген 85600 гектар күріштің 32 пайызы орылып, бүгінге дейін 20 мың гектары бастырылған. Жалпы Сыр диқандары күріштен мол өнім алатын түрі бар. Өйткені, вегетациялық кезеңнен сәтті өтіп, тіршілік нәрінен тапшылық сезген жоқ. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.
Дәл қазір мына техникаларға тыным жоқ. Еңбекші қауым алажаздай күтіп-баптаған дақылды жауынға ұрындырмай қамбаға құйып алудың қарекетін қылып жатыр. Биыл шаруалардың көңілі шат. Өйткені, егін маусымында тіршілік нәрінен тапшылық болмай, шығынсыз шықтық дейді.
ЕРБОЛ АҚБЕРГЕНОВ – АГРОНОМ\\ Былтыр 72 ц өнім алғанбыз. Быил жоғары. Қазіргі уақытта 900 гектар жердің өнімін жинап алдық. Орташа өнім 87 ц. Оның ішінде Ресейден алынған Каурис сорты 92-93 ц өнім алып жатырмыз. Солар жоғары көрсеткіш көрсетуде.
Биыл аймақ диқандары 85 мың гектардың үстінде күріш екті. Соның шамамен 86 пайызы жақсы деп бағаланып отыр. Негізгі дақылдың 64 мың гектары арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңделсе, 70 мың гектарын қажетті тыңайтқыштар себілген. Нәтижесінде, өнімділік артып отыр.
ҚАЛДАШБАЙ НҰРМАХАНОВ - БРИГАДИР «Құрманбай ата» ШҚ 1300 гектардан күріш екті. Қазір 3/1-ін жинап болып қалдық. Орташа 89-90-нан келіп тұр. Құдай қаласа, ауа райы ашық-жарық болып тұрса, қыркүйек айының қыркүйектің аяғына дейін аяқтасақ па деп жоспарлап отырмыз.
Агросала – аймақ экономикасын өрістететін негізгі бағыттың бірі. Биыл егін шаруашылығымен шұғылданатын диқандарды қолдауға 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оған қоса, жеңілдетілген дизель отыны уақытылы жеткізіліп, ел қамбасы еселеніп жатыр.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Қазір облыс бойынша орта өнімділік бүгінгі күнге 50 ц болып тұр. Өткен жылмен салыстырғанда өнімділік бір пайызға артып отыр. 85600 гектардың бүгінгі таңда 28 мың гектары орылды. Бұл 32 пайызы. Және соның 20 мың гектары бастырылды.
Жалпы, тамыз айының соңына таман күрішке алғашқы орақ түскен еді. Жиын-терім науқаны қазан айының алғашқы оны күндігінде аяқталады деп күтілуде.