#qyzylordatv
Қызылордада қазақ журналистикасының қара нары, жазушы Жақсылық Рахматулланы еске алуға арналған іс-шаралар басталды. Аймақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер биыл көзі тірі болғанда 80 жасқа толар еді.
Облыстық “Сыр бойы” газетінің бас редакторы, халықаралық “Алаш” сыйлығының иегері, мәдениет қайраткері Жаұқсылық Рахматулланы еске алу шаралары аясында бильярдтан турнир ұйымдастырылды.
ҚАЙЫРБЕК МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ / Жақсылық Рахматулла Сыр бойы газетінде 10 жылға жуық редактор болды. Журналистиканың қазанында қайнаумен бірге жазушылық кәсіпті қоса дамытты. 10-ға жуық кітап жазды. Оның атына көше беру керек. Жыл сайын журналистердің жүлдесін белгілеуіміз керек.
Бильярд ойнайтын журналистер қатары аз емес. Бұл ойын аса үлкен тактиканы, мұқият әдіс-тәсілді және шеберлікті қажет етеді. Алдағы күндері Жақсылық ағаның еңбегін, елге қосқан үлесін, журналистикадағы ролін дәріптейтін іс-шаралар жалғасын табады.”
ДӘУІРЖАН ЕЛУБАЕВ, “СЫР БОЙЫ” ГАЗЕТІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ /1996 және 2008 жылдар аралығында газеттің бас редакторы қызметін атқарған Жақсылық Рахматулла ағамыздың 80 жылдығына орай облыстағы ақпарат құралдары өкілдерінің арасында бильярдтан турнир болып жатыр. Ертең жас журналистер арасында байқау өтеді. Сондай-ақ кітапханада кездесу ұйымдастырылып, түрлі мәдени шаралар өткізіледі./
Бильярд шығармашылық адамының жанына жақын ойын. Ойлануға, ой қорытуға таптырмас құрал ,- дейді әріптестер.
НҰРЛЫБЕК НҰРМАХАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН» ҰТА ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ /Турнир өте сәтті өтті. Қарсыластар оңай болған жоқ. Бәрі жақсы дайындықпен келген. Осы турнирден жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын.”
Жақсылық Рахматулла Сыр өңіріндегі журналистика тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Ұрпақтары мен әріптестері ұйымдастырған іс-шаралар ардақты ағамыздың рухына деген құрметтің белгісі.