#qyzylordatv
«Анаға тағзым» орталығында республикалық «JARQYRA» кастингі өтті. Қазақ киносы күніне орай ұйымдастырылған іріктеу еліміз бойынша бір күнде, бір мезетте ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты - жас таланттарды танытып, олардың отандық киноиндустрияға жол ашуына мүмкіндік беру. Іріктеуден өткен қатысушылардың деректері «Қазақфильм» орталығының ресми сайтындағы актерлік онлайн-базада жарияланады. Олар алдағы уақытта отандық киножобаларға қатысуға мүмкіндік алады.
ГҮЛСІМ НҰРЛАНҚЫЗЫ - ЖАУАПТЫ ӨКІЛ // Негізгі мақсаты жергілікті жерлерде, өңірлерден жас таланттарды табу, оларды қазақ кино индустриясына жол табуына үлес қосу. Қала тұрғындары, сонымен қатар театр әртістері келіп өз бақтарын сынап көріп жатыр. Іріктеуден өткен тұрғындардың мәліметтері kazakhcinema сайтында негізгі базаға жарияланады. Ол жерде кино түсіруге қызығатын актерлар, продюсерлер, режиссерлардың барлығы ашық базадан, қолжетімді базадан мәліметтер ала алады.
https://youtu.be/vjNc0pFRBhc