#qyzylordatv
Индонезия астанасы Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар қос қола медаль иеленді. Бұл жетістік - ұзақ жылғы еңбектің және салаға көрсетілген қолдаудың айқын нәтижесі.
Жарыс қорытындысы бойынша 100 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Бейбарыс, ал 78 келіде Көркем Бақытбек ІІІ орынға табан тіреп, қола жүлдені қанжығалады. Айта кетейік, Азия біріншілігіне 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысуда.