#qyzylordatv

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанынан құрылған жұмысшы топ Қармақшы ауданында болып, тұрғындармен кездесті. 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндірді.

Мамандардың сөзінше келесі жылдан бастап салық есептілігі 30 пайызға қысқарады, ал салық түрлері 20 пайызға азаяды. Мұнан бөлек кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылып отыр. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12-ден 16 пайызға дейін өседі. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар мен археология саласына қатысты қызметтер бұл салықтан босатылады.

Табысы жоғары азаматтар үшін прогрессивті жеке табыс салығы енгізіледі. Жылдық табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен асатын азаматтар 15 пайыз мөлшерлемемен салық төлейтін болады. Семинар барысында жаңа Салық кодексіне енгізілген осындай өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді. Тұрғындар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қажетті ақпараттарын алды.

АСҚАР ЕЛЕМАНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Бұрын енді 7 салықтық режим болатын. Ол енді 3 режимге қосылды. Жеке адамдарға кәсіпкерлік ашпай ақ жылына 15 млнға дейін өздерінің жұмысын жасауға болады. ......\