Облыс орталығындағы «Қаламгерлер аллеясында» кітап жәрмеңкесі өтті. Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов қатысты. Ашық аспан астындағы мазмұнды кеш туралы тілшіміз тарқатады.
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Технология түрленсе де, адам көкжиегін кеңейтетін осы кітап ғана. Ол адамды ілім алуға, ізденуге жетелейді. Ой-өрісін ұштайды. Ал, кітапхана - ұлылық пен жылылықтың мекені. Салтанатты шараға қатысқан қонақтар көпшілікті кітап оқуға шақырды.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ// Біз неге Абайға айналып келе береміз. Шекспир неге шетке шығып қалмайды? Өйткені олардың барлығы да классикалдық шығарма жазған ұлы тұлғалар. Сондықтан біз әдебиет пен мәденитті жастардың бойына сіңірмесек, болашақта ешқандай құбылысты пайда қыла алмайды. Біз артта қаламсыз. Кітап оқу адамның жан сырласы ғана емес, ол оның ақылшысы, тәрбиешісі.
Бүгінде облыс орталығында 21 кітапхана жұмыс істейді. Онда 650 мыңға жуық кітап қоры сақталған. Мереке мезіретінде сала үздіктері марапат төрінен көрініп, құрметке бөленді. Солардың бірі -Зәуреш Әлішова. Мәртебелі маман, бұл салада 10 жылдан бірі қызмет атқарады. Айтуынша, кейінгі жылдары кітап оқу мәдениет қалыптаса бастаған.
ЗӘУРЕШ ӘЛІШОВА - КІТАПХАНАШЫ // Ең бірінші кезекте ұлы жазушымыз М.Әуезовтің Абай жолынан бастап, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа», «Балалық шаққа саяхаты» өте сұранысқа ие. Жаңа отбасын құрғандар «Екінші болма», сол сияқты мотивациялық кітаптарды көп сұрайды.
Мазмұнға толы шара барысында оқушылар арасында интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бүгінгі буын бір-біріне кітап сыйласа, кейбірі жеке кітапханасын көпшілікке таныстырды. Бұдан бөлек, жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, жас ақындар жырдың тиегін ағытты.