#qyzylordatv

Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтады. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылды. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 дана қару айғақ зат ретінде алынды.

Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалпы, қазан айының 20-ы мен қараша айының 19-ы күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары бір айға жуық уақытта табиғат қорғау заңнамасын бұзған 105 деректі анықтаған. Оның дені аң-құсты ату мен балық аулауға қатысты заңбұзушылықтар. Полиция департаменті тұрғындарды аңшылық және қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.