Бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп берді. Мұндай форматтағы басқосу мемлекет пен бизнес арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтпақ. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 Бірыңғай есеп беру күні - бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, әкімшілік кедергілерді жоюға, құқықтық кеңес алуға арналған алаң десек болады. Жыл басталғалы уәкілетті органдармен 2729 тексеру тағайындалған. Нәтижесінде, біршама олқылықтар анықталып отыр.

АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Оның ішінде, кәсіпкерлік субъектілеріне тағайындалған 1311 тексерудің қорытындысымен 894 заң бұзушылықтар орын алып, тиісті шаралар қабылданған. Сонымен қатар, бизнеске 4 заңсыз тексерулер тағайындалғаны және 98 профилактикалық бақылау жүргізілгені анықталып отыр.

 Тексерудің басым бөлігін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар, экология, кірістер департаменттері, сондай-ақ, облыстық бақылау жөніндегі басқарма жүргізген. Нәтижесінде, бизнес нысандарда өрт қауіпсіздігіне, санитарлық талаптарға қатысты кемшіліктер шыққан. Осы ретте, кәсіпкерлер тарапынан құқықтық-нормативтік актілерге байланысты бірқатар ұсыныстар берілген.

ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚОВ ¬ - ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // 2022 жылдан бастап президент тапсырмасымен «Таза парақтан» жобасы іске асырылып келе жатыр. Соған байланысты біз кедергілерді жоюға байланысты 500-дің үстінде ұсыныстар берілді.

 Алқалы жиында өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, құжаттамалар бойынша сүйемелдеу жайы талқыға түсті. Сондай-ақ, бірқатар кәсіпкер толғандырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талап-тілектерін жеткізді.