Облыс орталығында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында «Бала барысы» турнирі басталды. Осымен, үшінші мәрте жалауын желбіреткен жарыста 32 палуан бақ сынап жатыр.

 Боз кілемде 50 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесудер өтуде. Қарсыластар жеребе тарту арқылы анықталып, әрі қарай 8 ден 1, ширек финал мен жартылай және ақтық сайыстар өтеді. Біріншілікте жеңіске жеткен спортшыға алтын белбеу тағылып, 200 мың теңге ақшалай сыйлық берілмек. Жарыс ертең қорытындыланады.

 ҚАЙРАТ ЕСЕНГЕЛДИЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Балуандарымызды жоғары деңгейде, келешегінен үміт күтетіндей, ағаларының артынан балуан болып шығатындай, Қажымұқан ата-бабамыз, одан қалды осы Сыр еліндегі Еламан, Мақсат бауырымыз бар, Сыр барысы атанып жүрген ағаларының артынан еріп көк туымызды түсірмей өнер көрсетеді деген ойдамыз. Жарыс жоғары деңгейде өткізіліп отыр. Жасөспірім спортшыларға сәттілік тілейміз!