#qyzylordatv
Мемлекет және қоғам қайраткері Болатбек Қуандықовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Аймақ басшысы Болатбек Қуандықовтың Сыр елінің дамуына мол үлес қосқанынын атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //«Біз адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық. Құрметті Болатбек Баянұлы, туған жерге қош келдіңіз! Сіз Сыр өңірін басқарған кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асты. Болатбек Баянұлы аймақтың өзекті мәселелерін батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қордаланған проблемаларын шешуге, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңартуға ықпал етті. 100-ден астам білім беру, 60-тан астам денсаулық сақтау мекемесі бой көтерді. Облыс орталығы Қызылорда қаласын газдандыру жобасы толығымен аяқталды. 1000 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден өтті. 2010 жылы 11,2 млн тонна мұнай өндіріліп, өңір тарихындағы "қара алтын" өндірісінің шарықтау шегі ретінде есте қалды. «Ғасырдың ғаламат жобасы» атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының 1-кезеңі жүзеге асты.Халқымыз сіздің елеулі еңбегіңіз бен табысты жұмысыңызды жақсы біледі, ерекше құрметтейді//
Болатбек Баянұлы 2008-2013 жылдар аралығында Қызылорда облысының әкімі қызметін абыроймен атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асырғаны белгілі. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан қайраткердің еңбегін ерекше атап өтіп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Жиында Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, қоғам қайраткерлері сөз алып, өз құттықтауларын жеткізді.
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ //Осы ғимарат біз отырған, әкімдік ғимараты Болатбек Баянұлы өзіңіз командаңызбен келіп, бір топ азаматтар бар, осы жердің қазығын қақтыңыз. Бұл жердің барлығы шеңгел, дым жоқ еді ғой. Сол кезде өзіңіз келіп қазығын қақтыңыз. Сіз көбіне сыртта жүрдіңіз ғой, бірақ, ауылдарды аралау сіздің кезіңізде басталды. Сіз келген кезде ел-жұрт жақсы қабылдады//
ЫРЗАҚҰЛ НҰРТАЕВ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ //39 жасында келді жұмысқа, ең жас әкім. Халықтың жағдайына байланысты, мемлекеттің саясатына байланысты жұмыстарды, абыройын көтеретін жұмыстарын бірден қолға ала бастады. КРЭК-ті қайтарып алуының өзі, бір подстанцияның өзі ол кезде 2 млрд теңгедей тұрады. Сонда 1 млрд теңгеге бүкіл КРЭК-ті жекеден қайтып алды. Мемлекеттен қаржы бөлдіріп, жарықты дұрыстады. Халыққа ыңғайлы қылып жасау үшін газдың «ҚазТрансГазАймақтың» басшыларын шақырып, халыққа жақсы жағдай туғызды//