#qyzylordatv
«Уылдырық» табиғат қорғау акциясы аясында аймақта 85 заңбұзушылық анықталды. Қылмыстық құрамы бар екі іске қатысты қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 7 дана ау-құралдар, 626 келідей әртүрлі балық тәркіленген. Ал балық аулау ережесін бұзған 83 жеке тұлғаға 1 млн. теңге айыппұл салынған. Жалпы, Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр, ал басқа су айдындарында 20 сәуір мен 10 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынған болатын. Ал, Кіші Арал теңізінде шектеу 20 маусымға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Таза су айдындары» акциясы шеңберінде 10 дана көне ау құралдар мен 4 дана қармақ, 8 тоннадан аса тұрмыстық қалдықтар жағаға шығарылған.
ҒАБИТ ЕРМАҒАНБЕТОВ - АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ /// Биылғы тазалау жұмыстарына Инспекция бойынша барлығы 267 адам қатысып, 47 техника мен 2 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылды. Уылдырық акциясы мерзімінде Инспекция бойынша 85 дерегі жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы Заңнаманы бұзушылық тіркелген. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 566 мың теңге салынып, өндірілуде.