#qyzylordatv

Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің табанына сексеуіл егу бойынша бірлескен жоба әзірлемекші. Бұл туралы Қарақалпақстанның Экология министрі Лейли Сеитова мәлім етті.

  Аралдың Өзбекстан аумағында бүгінге дейін 2 млн гектар алқапқа сексеуіл егілген. Бұл жоба шаң мен сордың көкке көтерілуін 40% тежеген. Өзбекстан 2030 жылға қарай Арал табанының 78 пайызын жасыл желекке айналдыруды көздеп отыр. Осыған байланысты Қазақстан мен Өзбекстанда кешенді орман өсіру жобасын қолға алу жоспарланып отыр. Себебі Біріккен Ұлттар ұйымы 2040 жылға қарай Орталық Азия елдерінде су тапшылығы қазіргіден 3 есеге дейін артады деген болжам жасады.

     Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында өткен «Аралға – ізгі ниетпен» тақырыбындағы халықаралық конференцияда Арал өңірін дамытуға қатысты мәселелерді кешенді түрде шешу жолдары ұсынылды.