#qyzylordatv

Бұдан былай, жемқорлардың тізімі жарияланбақ. Сондай-ақ, пара ұсынуды және оны беруге уәде еткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан кез келген сала қызметкері «Заң мен тәртіп» қағидатына сүйеніп жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәденит саласында еңбек ететін мамандармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сонау 1998 жылдан бастау алады. Содан бері сала сан түрлі реформадан өтті. Шетелдік озық тәжірибелер қолданысқа енгізілді. Алғашында жазалауға басымдық берілсе, енді алдын алу жұмыстарына ден қойылып отыр. Бұл шалыс басып, алыс-беріс жасағандар жазасыз қалмайды деген сөз емес.

АЙДОС ЖҮНІСОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ 2 АЕК асатын сыйлық, беру немесе алу ҚК 366,367 368 баптарында қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік бар. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаның мемлекеттік секторда және квази мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынады.

 Қазір құзырлы орган негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни, оқу-ағарту, превенция және жазалау. Ал, мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік секторларда комплаенс институты жолға қойыла бастады. Бұл - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының ең тиімді құралдарының бірі.

ӘЛІБЕК ЖАППАСБАЕВ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСЕТИТІНІҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ /// бірінші СЖҚ мониторинг, СЖҚ тәуекелдеріне ішкі талдау, СЖҚ стандарттар қабылдану керек, лауазымды тұлғалардың СЖҚ шектеулерін ұйымдастыру керек, қаржылық бақылау шаралары, мүдделер қақтығысын болдырмау және есептілік. / Комплаенс не деген сұраққа келген кезде СЖҚ өкілдері келем дегенше сіздер ішкі процестерді тәртіпке келтіріп қоюларыңыз қажет.

 Кездесуде «Заң және тәртіп» қағидасын ілгерілету, қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға ынталандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, мұндай маңызды жиындар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.