#qyzylordatv
Қызылордалық құтқарушы Ақерке Жұмадинова әлемдік аренада топ жарды. Туркияның Бурса қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Әлем чемпионы атанған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерін бүгін әріптестері мен туған-туыстары зор қошеметпен теміржол вокзалынан күтіп алды.
Байрақты бәсекеге 32 елден 300-ден аса спортшы қатысқан. 31-ші мамыр мен 1-ші маусым аралығында өткен сайыста Ақерке Жұмадинова жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігерді және жауынгерлік рухты айқын көрсетті.
Жалпы әлем чемпионатына еліміздің атынан 25 спортшы барған. Жарыс қорытындысымен Қазақстан құрамасы 15 алтынды қанжығалады.
АҚЕРКЕ ЖҰМАДИНОВА - ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Мен 50 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан құрама сапында өнер көрсеттім, үш белдесу өткіздім, бірінші Туркия, екінші Румыния финалда Беларусия спортшысымен кездестім. Трибунаға шыққан кезде, мойныма алқаны тағып, қазақтың туын көтеріп, әнұраны орындалып, менің туым үшін бәрі орнынан тұрған кезде сезіндім жеңісті.
НҰРЛАН ЕРЕКЕН – А.ЖҰМАДИНОВАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Бұл Қызылорда облысында жалпы қоян-қолтық ұрысы өзін-өзі қорғану түрі бойынша алғашқы әлем чемпионы Ақерке Жұмадинова қызымыз, алда жылдың аяғына дейін Азия чемпионаты бар, Алла қаласа, ол Тайландта өтеді, одан кубок мира бар ол Астана қаласында өтеді, тағыда үлкен ірі жарыстар бар, турнирлар бар.