Негізгі Жаңалықтар СЫР ӨҢІРІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Республика күні бірлігімізді арттырып, елдігімізді нығайтатын ұлық мереке. Айтулы күн облысымызда кең көлемде аталып өтеді. Мереке күндеріне жоспарланған іс-шаралар легі туралы облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов баспасөз брифингінде айтты.

ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Республика күні ұлттық мерекесін аймағымызда жоғары деңгейде атап өту үшін арнайы облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп,бекітілді. 23 қазанда ауыл спортшылары арасында «Алтын күз-2024» облыстық 38 спартакиадасы болады. Ұлттық мейрам аясында өткізілетін негізгі іс-шараларға көшсек, 24 қазанда облыс әкімінің қатысуымен «Қазақастаным- өр рухты Отаным» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, аймақтың дамуына сүбелі үлесін қосқан бірқатар жерлестеріміз марапатталады. Ал, 25 қазанда облысымыздың барлық аудандары мен Қызылорда қаласында мемлекеттік Рәміздер аллеясында «Қыран елім-Қазақстаным!» Мемлекеттік туды салтанатты көтеру шарасы өткізіледі.

Сондай-ақ «Қыран елім-Қазақстаным!» акциясы аясында мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, үйледің терезеріне мемлекеттік туды орналастыру сынды флэш-мобтар ұйымдастырылмақ. Және «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы бастау алмақ. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар