Балғындардың үлкен сахнаға қадам басуына ұйытқы болған «Ботақан» телефестивалі мәресіне жетті. Облыстың ақпарат айнасы «Қызылорда» телеарнасы ұйымдастырған жобаның жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді. Биылғы өнер додасының қалалық, аудандық кезеңінде үш жарым мың бала бақ сынаса, финалға 800 өнерпаз сайдың тасындай іріктеліп шықты. Бүлдіршіндердің шығармашылығын өрістетуге арналған ерекше байқау туралы келесі бейнематериалымызда.

 Талай бүлдіршіннің талантын танып, үлкен сахнаға жол ашқан «Ботақан» телефестивалі биыл 14-ші мәрте шымылдығын түрді.

 НҰРБЕК ӘМИША – «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Ботақан байқауына биыл 800-ге жуық балаларымыз қатысып жатыр. Мыңнан тұлпар шығатыны белгілі, жүзден жүйрік шықсын. Сыр елінің руханиятында үлкен жұлдыздар жана берсін. Біршамасы қазақ эстрадасының, классикалық әуендерінің төрінде. Қазір Сыр елінің атынан өнер көрсетіп жүр. Сол ұстаздардың, аға буынның жалғасы шыға берсін деп тілейміз.

 Иә, бойында өнер ұшқыны бар бүлдіршіндер осындай додалардан ысылып шығады. Сондықтан шәкірті сынға түскенде, жетекшіге де оңай болмасы анық. Қаншама еңбектің нәтижесі көрінер сәтте, бала толқынысын басып, сахнаға қолдау беріп шығару маңызды.

 ГҮЛНҰР ӘБІЛОВА – «ART-LIFE» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

 Байқауға Шиелі ауданынан келіп отырмыз. Інжудің өнерге келгеніне 3 жылдай болды. Өзім тәрбиелеп келемін. Өте өнерлі, талантты қыз, бұған дейін де үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүлделілі орындар алып жүрді. Ташкент қаласында өнер көрсетіп, бас жүлдені алдық. Қанша сахнаны көріп жүргенмен балада, сахнаға шығар алдында қобалжу болады. Інжуге сенім артамын.

 «Ботақан» байқауының қатысушысы Нұрислам Бозтай жуырда Түркияда өткен ән байқауында «Мен қазақтың баласы» атты рухты әнін шырқап, бас жүлдені иеленген екен. Жеңіс сыйлаған әнін біздің арнамызға да шырқап берді.

 НҰРИСЛАМ БОЗТАЙ – ҚАТЫСУШЫ

Мекені Алтай-Атыраудың арасы,

Тау бауыры, өзен-көлдің жағасы.

Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған,

Тегі мықты мен қазақтың баласы.

ЛӘЙЛӘ НӘСІМХАНОВА – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 2007 жылдан бастау алған облыстық «Ботақан» телефестивалі өз мәресіне жетті. Балалар шығармашылығына арналған. Сыр елінің 7 ауданынан талантты, талабы бар, өнерлі балалар іріктеуден өтіп, електен өткендей өткізіп, осы бүгінгі таңда, телефестивальға қатысып жатқан жайы бар. Талабы бар, таланты бар балаларды дайындап, үлкен сахнаға дайындап жүрген ұстаздарына, олардың костьюмдерін дайындап, ата-аналарға ұйымдастырушылардың атынан рақметімді айтамын.

 Талапты балақайлар өнер байқауына ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті. Ал, тыңдарман қауым тәп-тәтті балғындардың бал үніне қошемет көрсетті. Осы өнерпаздардың арасынан талантымен талайды тәнті ететін тарландар шығарына сенім мол.