Облыс орталығында заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай «Теңдесі жоқ кемеңгер» тақырыбында конференция болды. Тағылымды іс-шараны Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырды.
Қазақстан Халық партиясы екі ай көлемінде Әбдіжәміл Нұрпейісовке арналған оннан аса мәдени шара өткізген. Соның бірі, Аралды әлемге танытқан қаламгердің шығармаларын қағаз бетіне кескіндеу. Сурет байқауына Мүлкаман Қалауов атындағы өнер мектебінің оқушылары қатысқан. Конфереция аясында жас таланттардың туындылары көрмеге қойылып, байқау жеңімпаздары анықталды.
НҰРДӘУЛЕТ ОРАЗХАНОВ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«кітап көрмелері өтті, 30-ға жуық білім беру ошақтарында. Қорқыт Ата атандыға Қызылорда Университетінде эсседен жарыс өтті, Қалауов атындағы өнер мектебінде сурет бойынша жарыс өтті, бірнеше әдеби кештер өтті. Міне бүгінгі конференция сол 2 ай бойы өткізілген іс-шаралардың соңғы қорытындысы. Осы конференцияда Сыр өңірінің абзал азаматтары, жазушының көзін көрге азаматтар өздерінің естеліктерімен бүгінгі конференцияда бөліседі».
ЖАНЕРКЕ ПАНАБЕК - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ «Бұл туындымда қазақ халөының көрініс бейнеленді. «Қан мен тер» шығармасында қазақ халқының 19-ғасырдағы өмірі, күнделікті тұрмысы мен әлеуметтік жағдайын бейнеледім...»