Негізгі Жаңалықтар Қазақстан БҰҰ саммитінде Арал теңізін құтқару тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан БҰҰ саммитінде Арал теңізін құтқару тәжірибесімен бөлісті

#qyzylordatv 

Қазақстан Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында таныстырды. Презентация барысында елдің Арал өңіріндегі экожүйелерді қалпына келтіру және аймақты климаттың өзгеруіне бейімдеу бойынша қабылдап жатқан шаралар айтылды. 


Жиында Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Дүниежүзілік банктің қатысуымен жүзеге асырылған Көкарал бөгетінің құрылысы су айдынының солтүстік бөлігін сақтап қалу мүмкін болды. Нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдыны 870 шаршы шақырымға ұлғайып, судың тұздылығы шамамен екі есе төмендеген. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдағы су көлемі 18,9 миллиард текше метрден 23 миллиард текше метр деңгейге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. 2021–2025 жылдар аралығында орман өсіру және жерді қалпына келтіру шаралары 1,1 миллион гектардан астам аумақты қамтыды. Сексеуіл егу құмды бекітуге, сондай-ақ тұз бен шаңның таралуын азайтуға септігін тигізеді.

Бұған қоса, Қазақстан халықаралық ынтымақтастық үшін үш бағытты ұсынды: тәжірибе алмасу, су экожүйелерін қалпына келтіруді тұрақты қаржыландыру және нақты нәтижелері бар бірлескен жобаларды жүзеге асыру.


Бөлісу