Негізгі Жаңалықтар NEET санатындағы жастарды жан-жақты қолдау жұмыстары сараланды

NEET санатындағы жастарды жан-жақты қолдау жұмыстары сараланды

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен NEET санатындағы жастар мәселесі талқыланды. Жиында аймақ басшысы осы санаттағы жастарды қолдаудағы жүйелі шаралардың маңызын атап өтті.


 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастардың білім алуына, мамандық игеруіне және жұмыспен қамтылуына қолайлы жағдай жасау үшін нақты міндеттер айқындалды. Бүгінде облысымызда 249 401 жас бар. Бұл – халықтың 29,4 пайызы, жастар саны бойынша республикада 9 орындамыз. Мұрат Ергешбаев қала және аудан әкімдеріне «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде NEET санатындағы жастарды толық өзектендіріп, жыл соңына дейін әлеуметтік портретін айқындауды тапсырды.

Тағы бір маңызды мәселе – жастарға арналған бағдарламалардың жүзеге асуы. Олардың әлеуметтік бейімделуі тікелей мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың төңірегінде атқарылуы қажет.  

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Қаюпов баяндама жасады. Өткен 9 айда өңірде жастарды жан-жақты қолдау бағытында 1 537 шара ұйымдастырылып, 45 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтендіру бағытында 57 мәрте «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өткізіліп, 2 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына игі бастаманы жалғастыруды, тағы бірқатар нақты міндетті жүктеді.


Бөлісу