Аймақта 99 жеке үйірмеге мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылды. АРТ-спорт бағдарламасы аясында жұмыс істеген ұйымдар жан басына қаржы алу үшін бала санын асыра көрсетіп, жалған мәліметтер өткізіп келген. Арнайы мониторингтік топ өрескел олқылықтар мен заң бұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде 3 миллиард теңге үнемделді.
АРТ-спорт жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған бағдарлама. Осы орайда аймақта балаларды өнерге баулу мақсатында 136 кәсіпкер жеке үйірме ашып, мемлекет қолдауымен жұмысын бастаған. Бірақ, бұл жобаны кейбір кәсіпкерлер көлеңкелі бизнеске айналдырып, мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржыны иемдену үшін түрлі қитұрқы әрекетке барған.
МИРА ҚАЗБЕКОВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 47 кәсіпкермен келісімшартты біржақты бұзуға мәжбүр болдық. «Даму бала» платформасына тіркелген базада Қызылорда қаласындағы мекенжайды көрсетеді. Ал балаларын НУБД-мен ішкі аудит жүргізіп, өзіміз анықтаған кезде онда мысалы көптеген бала аудандардан шығып жатыр.
Сондай-ақ, спорт бағытында да талапқа сай келмейтін үйірмелер көп болып шықты. Мемлекеттік бағдарламамен спорт секцияларын ашқан 176 кәсіпкер осы кезге дейін қаржы алып келсе, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен олардың саны 111-ге қысқарған. Ал үйірмелерге тіркелген 2 мыңнан астам баланың мәліметі жалған екені анықталып, тізімнен шығарылды.
ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «біз зерделеу барысында көптеген өнім берушілерде душтың мүлде жоқтығы немесе жуыну бөлмелерін тек қана формальды түрде қойылғандығы, бұл енді душевая кабина дейміз соны қойып бірақ жылы суы жоқ. Бұл заңнама тұрғысынан бөлек балалардың денсаулығына әсер ететін факт болып табылады. Осындай кемшіліктердің анықталуының себебінен 42 өнім берушімен келісім-шарт бұзылды. Бұған қоса 25 өнім беруші өз еркімен қызметін тоқтатуға өтініш берді».
Алдағы уақытта да АРТ-спорт бағдарламасына бақылау күшейеді. Салаға жауаптылар келер жылдан бастап әр үйірмеге «Face ID» жүйесін енгізуді талап етпек.