#qyzylordatv

Бүгін, яғни 25 қараша – халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні. Осыған байланысты облыста «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты 16 күндік республикалық акция басталды.

 Іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және күресу. Отбасы құндылығын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөлу. Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық жанжал жиі орын алуда. Салдарынан талай шаңырақ шайқалып, ажырасу белең алып отыр. Бұл мәселенің алдын алу бағытында жауапты орган өкілдері екі апта көлемінде білім беру ұйымдарында, халық жиі шоғырланатын жерлерде түрлі кездесулер, семинар тренингтер өткізеді.

ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА, ОБЛЫСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ \16 күннің көлемінде халықтың назарына аудару, осыған бірлесіп қоғам болып күресу мәселесіне көп мән берілетін болады. ....\