#qyzylordatv

Халыққа қызмет көрсету орталықтары облыс тұрғындарына осы уақытқа дейін 13 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Орталық ашылған уақыттан бері сала мамандары тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында еңбек етіп келеді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдығына орай қаламызда салтанатты іс-шара өтіп, онда үздік қызметкерлер марапатталды.

  Жиырма жыл ішінде жүйе әдеттегі "бір терезеден" толыққанды цифрлық қызметтерге дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті. Бүгінде қызылордалықтар цифрлық жүйе арқылы кезексіз-ақ құжаттарды рәсімдеп, кеңес алады.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

 ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 «Халыққа қызмет көрсету орталығының жүйелі жұмысы өз нәтижесін беруде. Біз бір терезе қағидатын ұтымды іске асырып,мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға негіз болып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етусіздер.Сіхдер азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетіп, қолайлы жағдай жасауда цифрлық жаңашылдықты енгізуде аянбай еңбек етіп келесіздер.Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге риясыз алғысымды білдіремін.Алдағы уақытта да егемен еліміздің жарқын болашағына адалдық пен елжандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп, белсенді қызмет ете беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-берек тілеймін! Құрметпен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

 Салтанатты жиынға қоғам және саясат қайраткері Зағипа Балиева қатысты. Ол орталық жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ұжым мүшелерін мерейтоймен құттықтады.

 Шарада бірқатар қызметкер арнайы мерейтойлық медальмен марапатталды.

 Орталық филиалында 18 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан қызметкердің бірі – Гүлназ Бадрақова. Он жылдан бері PR бөлімінде нәтижелі жұмыс атқарып келеді

 ГҮЛНАЗ БАДРАҚОВА – ФРОНТ-ОФИСТЕ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда осы еңбектің, адал қызметтің арқасында осы жетістікке жетіп отырмыз деп ойлаймын. Бүгін біз үшін, филиал үшін үлкен мерекелі күн. Жаңа ғана өздеріңіз көргендей филиал директорының 20 жылдық арнайы медалімен марапатталдық. Одан кейін корпорация төрағасының алғыс хатын алып жатырмыз. Бұл – бізге үлкен мотивация. Біз әрі қарай да еңбегімізді жалғасытыруға дайынбыз.Осымен қатар барша филиал ұжымын, қызметкерлерді осындай үлкен мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жемісті күндер көп болсын!

 Салтанатты жиын концертке жалғасып, өнер иелері көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 Бүгінде Сыр елі Халыққа қызмет көрсету орталығымен мақтана алады. Өйткені мұнда тұрғындардың жедел әрі сапалы қызмет алуына бар жағдай жасалған.