#qyzylordatv

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аспалы көпір астындағы Сырдария өзенінің жағасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара аясында тазалық жұмыстарымен қатар «Вандализмге жол жоқ» және «Есірткіге жол жоқ» акциясы өтті.

 «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен шараға 70 жас қатысты. Олар тазалық жұмыстарымен қатар граффити жазбаларын жою жұмыстарын жүргізді.

 ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгін міне, Сырдария өзенінің бойына келіп, осы жерде тазалық жұмыстарын «Таза Қазақстан» акциясы аясында, сонымен қатар «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында өздеріңіз көріп тұрсыздар, қоғамдағы үлкен дерт есірткі мәселесі. Әр жерде әртүрлі жазуларды жазып, мекен-жайлар, немесе соны насихаттауға, өкінішке орай кейбір топтар жұмыс жасайды. Біз солармен күресіп, оларды мынау электронды әлеуметтік желілерде де мекен-жайларын тауып, анықтап, арнайы Полиция департаментімен бірлесіп, осы есірткіге қарсы басқармасымен анықтап, сонымен күресу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл өте маңызды.

 МҰХАМЕДИЯР БАҚТЫҒАЛИ – ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕҚҚІҚБ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Осы графитти арқылы осы 2025 жылы жуық арада 1 айдың көлемінде Қызылорда қаласының тұрғынын ұстадық.Жарнамалап жүрген жерінен. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып,адам өзі уақытша ұстау абақтысына құрықталды.Сол бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.Жыл басынан осы Полиция департаментінің есірткі қылмыстық қызметкерлерімен 2 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленіп, атап айтқанда 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.