#qyzylordatv
Бүгін Қызылорда қаласында №296-шы келешек мектебі есік ашты. Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі, Парламент депутаттары қатысты. Айта кетейік, бұл - Сыр елінде балалар игілігіне берілген 10-шы келешек мектеп.
Жаңа аптаның алғашқы парағы және бір жарқын жаңалықпен ашылды. Қызылордаға тиесілі 21 келешек мектебінің бүгін 10-шысы оқушылар игілігіне берілді.
Облыста бой көтеріп жатқан әрбір нысанның сапасына міндетті түрде маңыз берілуі заңдылыққа айналғаны қашан. Бұл жайдан хабардар Мәжіліс депутаты да өз сөзінде осы тенденцияны атап өтті.
Сапалы білім, саналы тәрбие және еңбексүйгіштік осы үштаған қасиет бүлдіршіндердің бойына дән секілді егілуі керек деді өз кезегінде қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы
Келешек мектебінің ашылуына арнайы келіп қатысқан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа білім ошағындағы оқушылармен пікір алмасты. Бірге суретке де түсті. Бір сөзбен айтқанда еркін формат, жайлы атмосфера жағдайында дидарласты. Ал, бізбен сұқбатында Қызылорданың білім бәсекедегі деңгей-дәрежесін де атап өтті:
Біз өз тарапымыздан осы келешек мектептерінің шығындары, яки мұғалімдер жалақысы, басқа да қажеттіліктер қай қаражат көзінен өтеледі, республикалық бюджетте қаралған ба деген заңды сауал қойдық. Жауап:
Мемлекет жас ұрпаққа жақсы жағдай жасап жатыр. Ендігі жерде балалардың өмірі білім, тәрбие, еңбекпен егіз өрілсе деген тілек бар.