#qyzylordatv
Соңғы 7 жылда Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдар саны тұрақты түрде азайып келеді. Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.
Мәселен, 2019 жылы 1 млн 700 мың тұрғын азаматтықтан бас тартса, биыл жыл басынан бері 68 мың адам ғана азаматтықтан шыққан.
Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр, - делінді отырыста.