#qyzylordatv
Тікелей эфирде «Жаңалықтар». Бүгін қаламызда жас аспаздар арасында байқау өтіп жатыр. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара туралы тілшіміз айтып берсін. Дәл қазір әріптесім Айдана Жұмадинова «Қыз Жібек» мейрамханасынан студиямен тікелей байланысқа шығып тұр. Айдана, қайырлы күн, талғам мен шеберлік тоғысқан мереке қалай өтіп жатыр?