#qyzylordatv
Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына да барды. Руханият орталығында кезектілік тәртібімен жазылған 15 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейкесті мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласына қатысты сауалдар көтерді. Сонымен қатар, Ақсу ауылдық округінің ішкі көшелеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу және аудан орталығында орналасқан Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініш те айтылды. Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешім қабылдау керектігін ескертті.
МАРАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ – АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ / халықпен кездесу, олардың жеке мәселелерін тыңдау жақсы үрдіс екен. Оның ішінде Сенат және мәжіліс депутаттары, сондай-ақ лауазымды тұлғалар халықпенен жеке-жеке мәселелері бойынша қабылдап жатыр. Өңірде өте жақсы игілікті жұмыстар жасалып жатыр. Бүгінгі күні тұрғындар көптен бері айтылмай жүрген ойындағы сауалдарын жолдап, жауаптарын алып жатыр.//
Жеке қабылдаудан кейін Нұрлыбек Нәлібаев «Руханият орталығына» жиналған түрлі сала ардагерлерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы маңызды мәселелерді талқылады.