#qyzylordatv
Облыс әкімінің Қармақшы ауданына жұмыс сапары қоғамдық қабылдаумен жалғасты.
Онда Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары да болды. Жеке қабылдауда көпшілік жұмысқа орналасу, инфрақұрылым жүргізу, жұмысқа орналасу секілді мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, Тұрмағамбет ауылына жаңадан мектеп және Төретам кентінде темір жолдың үстімен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынса деген халықтың ұсынысы жергілікті билік тарапынан қолдау тауып, мәселе шешілетін болды.
ЖАРЫЛҚАСЫН ДӘУЛЕТОВ – ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ //Ауылымыздағы мектеп 65-ші жылы салынған. 2023 жылы тексерудің нәтижесінде апатты деп танылды. Осы мәселені облыс әкімінің жеке қабылдауында айттым. Нұрлыбек Нәлібаев өзі жеке бақылауыма аламын деп айтты. Күн тәртібіне қоятын болды. Сала басшыларына нақты тапсырмаларды берді.//
ШЕГЕБАЙ ҚҰНДАҚБАЕВ – ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ //Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапарымен келіп, еркін форматта тұрғындармен кездесіп, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын баяндап жатқаны көңіл қуантады. Халықпен кездесудің де өзіндік мәні болады. Соның ішінде Парламент және Мәжіліс депутаттарымен, сосын облыстағы құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге түрлі сала бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап жатыр. Бұл өте жақсы кездесу.//