#qyzylordatv

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Есірткіге қарсы – әзіл» атты «JAIDARMAN» фестивалі өтті. Шараға өңірдегі мектеп, колледж және жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысып, әдемі әзіл, қағытпа қалжыңдарымен көрерменге күлкі сыйлады.

Командалар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» және арнайы тақырыптық бөлім бойынша бақ сынасты. Әзіл арқылы жастар есірткінің зияны мен зардабын, қоғамға әкелер қаупі мен одан сақтану жолдарын креативті түрде көрсете білді.

 ФАРХАТ ИМАНҒАЛИ - ОБЛЫС БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 // Фестивальдің басты мақсаты – жастарды есірткеден алшақтату, оларға есірткеге деген имунитетін жоғарылату және келешекте заңсыз әрекеттерге бармауды біз насихаттап жастар юморы арқылы беруге осыны шештік және осы іс-шаралар алдағы уақытта өтетін болады, жалғасын табады.

 Әр кезеңде өзіндік ойын өрнегімен көрермен көзайымына айналған командалар тапқырлығын танытып, ұтымды әзілдерімен тәнті етті. Ал ойынның әділдігін прокуратура өкілдері мен танымал жайдарманшылардан құралған қазылар алқасы бағалады.

 КӨРКЕМ ТӨЛЕБАЙ – ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ

/ Команданы бірлігінің арқасында, осындай үлкен нәтижеге жетіп отырық деп айта аламын. Алдағы ойындар да бұданда дайындықты күшейтіп бәрінен үздік болуға тырысамыз. Жайдарманды ұйымдастырушыларға, демеушілерге барлығына үлкен алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта жастарды дамыту жолындағы іс-шаралар көптеп іске асырыла берсін, жалғасын таба берсін.//

 Фестиваль қорытындысында бірінші орынды «Матриархат» командасы жеңіп, 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Екінші орын «Amg» командасына бұйырса, үшінші орынға «Brend» құрамасы ие болды. Сондай-ақ өзге қатысушы командаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.