#qyzylordatv
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты ІІІ республикалық жыршы-термешілер фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – дін мен дәстүр үндестігін насихаттау арқылы мінәжат жырларының мәнін кеңінен түсіндіру.
Дін мен дәстүрді тең ұстаған бабалар сөзін даналық көзіне айналдырған фестиваль биыл үшінші мәрте өтіп отыр. Мінәжат жырларын жаңғыртуды мақсат еткен рухани шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігі ұйымдастырды. Еліміздің әр өңірінен келген 10 жыршы сахна төрінде ізгілікке бастайтын жыр-термелерді шебер орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Елдің арасында қара сөздің қадірін арттырып, өсиет нақылын жырға қаттаған сөз зергерлері жетерлік. «Бұл байқау ел естімеген тың туындыларды сахнаға алып шығуымен құнды»,- дейді ұйымдастырушылар.
Кеш соңында барлық өнерпаздар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.