#qyzylordatv

Шымкент қаласында Qazaq Kuresi Ассоциациясының ұйымдастыруымен ересектер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде қызылордалық полицей қоржынға алғашқы алтын медалді салды.

 Дүбірлі додада облыстық Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Еңбек Сақтағанов 90 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпион атанды.

    Жалпы чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 өңірінен 500-ге жуық балуан қатысып жатыр. Жарыс 16 салмақ дәрежесінде өтуде.