Халықаралық волонтерлер күніне орай облыс орталығында еріктілер бас қосты. «Волонтерлік – өмір белесі» атты жиында белсенді жастар марапатталды.

Айтулы дата күнтізбеде 1985 жылы, 5 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен пайда болған. Қазіргі таңда аймақта 30-ға жуық еріктілер тобы болса, онда екі мыңнан астам волонтер қолдарынан келгенше қайырымдылық жасап жүр. Олар жыл басынан бері 314 іс-шара өткізіп, 5 мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсеткен. Жиында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов еріктілерге алғыс білдірді.

РУСЛАН ҚАЮПОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Қоғам үшін жасаған пайдалы істері мен қиын кезеңде жақынына қол созған азаматтардың еңбегі бағаланып, түрлі құрметтер көрсетіліп келеді. Мұның барлығы еткен еңбектің, төккен тердің жемісі. Баршаңызға да шын жүректен алғыс білдіреміз//

Былтыр мемлекеттік қызмет істері департаменті жанынан еріктілер тобы құрылып, ізгі іске мемлекеттік қызметшілер де білек сыбана кіріскен еді. Биыл да мекеме қызметкерлерінен жасақталған құрам игі үрдісті үзбей 50-ден астам отбасыға қаржылай және материалдық жәрдем беріпті. Басқосуда бірнеше волонтерлік ұйымның жетекшілері жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады.

ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

// Өткен жылы департамент жанынан еріктңлер кеңесі құрылды. Оған 7 мемлекеттік қызметші, 3 басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыстырылды. Өзіміздің жұмыс жоспарымыз бар. Соған сәйкес қайырымдылық жұмыстарын көптеп өткізіп келеміз. 01:59+ Алдағы уақытта да жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бұл жұмыстарды жалғастыра береміз//

Әрі қарай еріктілер отырысы марапаттау рәсіміне ұласты. Онда жанашыр азаматтарға мәдениет және ақпарат министрінің, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мен қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттары табысталды.

БОЛАТБЕК АЙТБЕНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

// Сыр елі волонтерлік бағытта қарқынды жұмыстар жасап келе жатыр. 5-желтоқсан – волонтерлер күні аясында кереметтей кездесу шарасы болып өтті. Соның аясында көптеген волонтерлер марапатқа ие болды. Біз де сол қатарда министрден марапат алып, қуанып отырған жайымыз бар//

Айта кетейік, өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді.