#qyzylordatv

Хәкім Абайдың осыдан бір ғасыр бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды. Араб тілінде жарыққа шыққан көне кітап музей қорында сақталуы. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады.

Бұл жинақты 1982 жылы Мыңата Қалдыбаев деген кісі музейге сыйға тартқан. Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, архивте шаң басып жатқан көрінеді. Дегенмен, музейдің ғылыми хатшысы бұл жәдігерді зерттеу мақсатында ғалымдардың талқылауына тастайды. Сөйтіп, зерделей келе, бұл Хәкім Абайдың өлеңдері екені белгілі болды.

 ЖҰМАБАЙ БАЙЗАҚҰЛЫ – ӨЛКЕТАНУШЫ 1922 жылы Қазан баспасынан шыққан Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының біреуі. Арнайы баспаханадан шыққандығымен ерекшеленеді. Бұл кітаптың алдыңғы және соңғы беттері жыртылған. 39-шы беттен бастап «Мағзұт» поэмасынан бар.

 Ақынның көзі тірісінде бірде-бір жинағы жарыққа шыққан жоқ. Тек, Абай дүние салғаннан кейін, яғни, 1909 жылы кітапқа басылды. Қағаз бетіне түсіруді Кәкітай Ысқақұлы Мүрсейіт молдаға тапсырады. Мүрсейіт жинақтаған өлеңдер саны 5 дәптерге жеткен. Сөйтіп, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен ең алғаш Санкт-Петербордағы баспада басылған. Ал, 1922 жылы жарыққа шыққан жинақ алғашқы кітаптың толықтырылған нұсқасы дейді ғалымдар. Өлкетанушы жинақты бір ай шамасында тәржімалап шыққан. Кітап ескі араб алфавитімен жазылған соң аударма жасау кезінде қиындықтар болғанын айтады.

 ЖҰМАБАЙ БАЙЗАҚҰЛЫ – ӨЛКЕТАНУШЫ / Бұл негізі 13 бөлімнен тұрады. 13 бөлімде өзім туралы, халық туралы жыл мезгілдері деген сияқты бөлім бөлімдерге бөлген да. Ең соңғы бөлім орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аудармалар. Бұның басқар жинақтардан ерекшелігі мұндай Абайдың қара сөздері жоқ.

Абай мұрасы – адамзаттың рухани азығы. Оның адами құндылықтар хақында жазған өлеңдері, поэмалары, қара сөздері мен аудармалары кемел ойдан туған көркем дүниелері исі қазақтың темірқазығына айналып отыр.

 АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА — КІТАПХАНАШЫ // Облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорында Абай Құнанбайұлының 1933-1958 жылдар аралығындағы 9 кітабы сақталған, түпнұсқасы. Соның ішінде біреуі қазақ тілінде, бесеуі орыс тілінде, қалған үшеуі латын қарпінде жазылған.

Қазір Абай өлеңдері жинақталған кітап облыстық музейдегі ең құнды жәдігердің бірі. Ал, аударма жұмыстарын аяқтаған өлкентанушы өлеңдер топтамасын заманауи үлгіде жуырда қайтадан басып шығарған. Енді оны Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойда Семей жұртына тарту етпек.