#qyzylordatv
Адам саудасына қарсы күреске арналған шаралар легі «Жастар» ресурстық орталығында жалғасты. Басқосуды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды.
Жиын барысында адам саудасының алдын алу, оған қарсы күрес шараларын күшейту, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және құрбан болғандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушыларға ақпараттық үнпарақтар таратылып, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды. Басқосуда көтерілген нақты мысалдар адам саудасы құрбандарына көрсетілетін көмектің маңызын айқындай түсті.
ЛӘЗЗАТ ШІЛМАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 22 адамға қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда 8 адамға стандарттарға сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Олардың басым көпшілігі шетел азаматтары.
Мемлекеттік қолдаудан бөлек, бұл бағытта құқық қорғау органдарының да жүйелі жұмысы байқалады.
АЗАМАТ ЖҮСІПБЕКОВ – ОПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Биылғы жылы ақпан айында 5 адамнан тұратын отбасыға мал бақтырылды деген ақпарат шықты. Толығымен іс тексерілді. Әлеуметтік көмек те көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдардарда қылмыстық іс аяқталамын дегенше орналастырылды. Дегенмен қылмыстың құрамы болмауына байланысты іс өндірістен тоқтатылды. Адам саудасының алдын алу үшін түрлі рейдтік іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.